Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бельгия астанасы Брюссельде журналистерге берген сұхбатында Қазақстанда жаңа қор пайда болуы мүмкін екенін жеткізді. Бұл ақпараты Euractiv порталы бөлісті.
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа қоғамдық қор құру жоспары бар екенін жеткізген.
Аталған қор сыбайлас жемқорлық әрекетіне барған шенеуніктерден тәркіленген мүлік есебінен қаржыландырылады деген дерек бар. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры құрылған болатын.
Кейінірек аталған қорды бұрынғы қаржы министрі Болат Жәмішевтің басқаратыны хабарланды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через