Рейс кешіккені үшін авиакомпанияларға өтемақы төлеу міндеттелмейді. Соның бірі – Қазақстан.
Әлем елдерінде тұрақты рейс кешіккен тұста әуекомпания тарапынан жолаушыға қаржылық өтемақы, сондай-ақ кешігу ұзақтығына байланысты тамақ пен сусындар беріледі. Егер рейс келесі күнге дейін кешіктірілсе, тасымалдаушы компания жолаушыларды қонақ үй нөмірімен, трансфермен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Ал өтемақының түрі мен мөлшері рейстің кешігу ұзақтығына байланысты. Тілшіміз Қазақстандағы және әлем елдеріндегі жағдайды шолып шықты, деп жазады Azattyq Ruhy.
Әлемнің өзге елдерінде чартерлік рейс кешіктірілген жағдайда да осы іспеттес ережелер қолданылады. Бұл ретте жолаушы рейстің кешігу себебін, авиакомпания тіркелген елді және осы бағыттағы жұмыстарды реттеу үшін қабылдаған конвенцияны білуі керек.
Егер халықаралық рейс Еуропалық Одақтың (ЕО) авиакомпаниясымен жасалмаса, онда өтемақы алу мүмкіндігі өте аз. Рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқығы бұл жағдайда ұшақ ұшып шыққан елдің ұлттық заңнамасымен реттеледі. Әдетте, ЕО-ға кірмейтін елдердің заңы бойынша рейс кешіккені үшін авиакомпанияларға өтемақы төлеу міндеттелмейді. Соның бірі – Қазақстан.
Қазақстанда авиакомпаниялардың рейстері кешіккен немесе тоқтаған жағдайда «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңның 86-бабы көзделген. Яғни тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе кідірген кезде жолаушыларға төмендегілей жағдайлар жасалуы тиіс.
Жеті жасқа дейінгі балалы (болған кезде) жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну;
Рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық пошта арқылы екі хабарлама жіберу;
Рейстің жөнелтілуін 2 сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету;
Рейстің жөнелтілуін 4 сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде күндізгі уақытта әрбір 6 сағат сайын, түнгі уақытта әрбір 8 сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
Кешігу уақыты күндіз 8 сағаттан асса және түнгі уақытта 6 сағаттан асса, авиакомпания жолаушыны қонақ үйге орналастыруға, көлікпен әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу қызметтерін көрсетуге міндеттеледі.
Ал кідіріс уақыты 10 сағаттан асса, компания жолаушыны билетте көрсетiлген жеріне жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етуге немесе жолаушыға билеттiң толық құнын қайтаруға мiндеттi.
Әуекомпания себебінен кешіккен әр сағат үшін билет құнының 3%-ы көлемінде өтемақы төленуі керек.
Өндiрiп алынған айыппұл сомасы сатып алынған билет құнынан аспауы қажет.
ЕУРОПАДА АРНАЙЫ КОНВЕНЦИЯ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Еуропада рейс кешіктірілген жағдайда жолаушының құқығы Еуроодақтың заңдарына сай жүзеге асырылады. Бұл ретте Монреаль Конвенциясы Еуропаның барлық елдерінде қолданылады. Яғни бұл заң Еуропадан ұшатын барлық рейске, сол сияқты оларды ЕО-да тіркелген авиакомпаниялар орындаса, Еуропаға ұшатын рейстерге де қолданылады.
Монреаль Конвенциясы бойынша авиакомпания рейстің кешігуі, багаждың зақымдануы немесе жоғалуы салдарынан жолаушыға келтірілген зиянның орнын толтырады. Шығын мөлшері жеке есептеледі. Оның ішіне такси шығындары мен негізгі қажеттіліктер де кіруі мүмкін. Растау үшін барлық түбіртектер мен чектерді тіркеу қажет.
Бұл нормалар әртүрлі өтемақы түрлерін қарастырады және оларды бір уақытта талап етуге болады. Бірақ моральдық зиян өтелмейді.
Еуропада жолаушының рейсі кешіктірілсе, оған авиакомпания өтемақы ретінде 250 еуродан бастап, 600 еуроға дейінгі соманы төлеуге міндеттеледі. Өтемақы құны рейстің ұшу шақырымына байланысты. Жолаушы межелі жерге жоспарланған келу уақытынан үш сағатқа кешігіп жетсе және ұшақ авиакомпанияның кесірінен кідірсе, тұтынушы авиакомпаниядан өтемақы талап ете алады. Бірақ кешіккен рейс ЕО аумағынан ұшқан немесе керісінше ЕО елдерінің аумағына қонған болуы тиіс, сондай-ақ жолаушы тіркеу уақытынан кешікпеген болуы керек. Мұндай жағдай соңғы үш жыл ішінде болса, жолаушының өтемақыны талап етуге толық құқығы бар.
EО №261/2004 ережелеріне сәйкес, егер рейс ауа райының қолайсыздығы, шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігі, әуе диспетчерлерінің немесе әуежай қызметкерлерінің ереуілдері, диспетчерлік қызметтің шектеулері, әуежай радарының күтпеген жерден істен шығуы, диверсия, саяси толқулар, террористік шабуылдар сынды себептің салдарынан кешіктірілсе, әуекомпания ондай жағдайда өтемақы төлемейді.
РЕСЕЙДЕ РЕЙС КЕШІКСЕ...
Өтемақының түрі мен мөлшері ұшуды жүзеге асыратын авиакомпанияның қай елде тіркелгеніне байланысты. Егер ол Ресейде тіркелген болса, ішкі рейстер үшін және Ресейден ЕО-ға рейстер үшін өтемақы Федералды авиация ережелерімен анықталады.
Ресей Федерациясының әуе кодексінде жолаушыларды жеткізу мерзімін кешіктіргені үшін айыппұл көзделген. Егер рейс Еуропада тіркелген авиакомпаниямен жасалса, халықаралық рейстер үшін өтемақы Монреаль Конвенциясымен анықталады.
Ресейде егер рейс 2 сағаттан аса кешіктірілсе, жолаушыға салқын сусындар мен салқын тағамдар беріледі. Кешігу уақыты 4 сағаттан асса, ыстық тамақ беріледі. Түнде 6 сағаттан немесе күндіз 8 сағаттан аса кешіксе жолаушы қонақ үй бөлмесі мен оған жеткізіп салатын көлікті талап ете алады.
Қаржылық өтемақы кешіктірудің әр сағаты үшін ең төменгі еңбекақы мөлшерінің 25 пайызын, яғни 25 рубльді құрайды, бірақ жалпы сома билет құнының жартысынан аспауы керек. 01.01.2001 жылдан бастап оның мөлшері өзгерген жоқ және 100 рубльге тең болды. (№82-ФЗ Заңының 5-бабы). Мәселен ең төменгі жалақы – 100 рубль, яғни шамамен 1,5 еуро. Егер рейс 12 сағатқа кешіктірілсе, онда жолаушы тек 300 рубль алады.
Бұл сомадан бөлек Ресейде жолаушы авиакомпаниядан әр кешіккен сағат үшін айыппұл ретінде авиабилет бағасының 3%-ын талап етуге құқылы. Бірақ төленетін сома билеттің құнынан аспауы тиіс. Егер билеттің бағасы 5000 рубль болса, бір сағаттық кешігу үшін айыппұл 150 рубльді құрайды.
ТҮРКИЯНЫҢ ЗАҢЫ
Түркияның ұлттық заңнамасында рейстің кешігуі кезінде өтемақы қарастырылмаған. Мысалы, Turkish Airlines рейсі ЕО-дан ұшпаса, жолаушыларына өтемақы төленбейді. Алайда Түрік авиакомпаниясының ұшағы ЕО әуежайында кідірсе, онда жолаушы 250-ден 600 еуроға дейін өтемақы алуға құқылы. Мәселен Turkish Airlines компаниясының Венеция-Ыстанбұл рейсі 3 сағат 20 минутқа кешікті делік. Кешігу форс-мажордан туындаған жоқ, яғни жолаушыларға ЕО ережелері бойынша өтемақы берілуі керек. Кері бағытта ұшатын TK1867 рейсі кешіктірілген жағдайда (Ыстанбұл-Венеция) өтемақы төленбейді, өйткені түрік заңдары бұл мәселені реттемейді және ЕО Қаулысы қолданылмайды.
АҚШ-ТА РЕЙС ҚАНША УАҚЫТҚА КЕШІКСЕ ДЕ БИЛЕТТІ КЕРІ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ
АҚШ-та рейс авиакомпанияның кінәсінен кешіктірілген немесе тоқтатылған кезде жолаушы авиакомпанияның әуежайда көрсететін қызметін тегін пайдалануға құқылы. Қызметтердің мерзімі мен көлемі, әдетте тасымалдау шартында белгіленеді, ал авиакомпанияның өкілдері оларды орынды түсіндіруге жауап береді. Әдетте кешігу уақыты 4 сағаттан асса, компания қонақ үй мен көлікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жолаушы ұшақ кешіккен жағдайда қосымша ақысыз, егер авиакомпания ұсынса басқа рейспен ұшуына немесе ұшудан бас тартып, билеттің пайдаланылмаған бөлігінің және қосымша қызметтердің (салондағы орындар, багаж және т.б.) толық құнын қайтара алады. Билетті тапсыруға болатын кешігу ұзақтығы заңмен белгіленбеген.
АҚШ-та авиакомпаниялар рейстерді тоқтатқаны және кешіктіргені үшін өтемақы мен айыппұлдар қарастырылмаған. Халықаралық рейстерде жолаушы Монреаль Конвенциясы немесе ЕО №261/2004 ережесі бойынша өтемақы ала алады.
Айта кетейік, өткен аптада Азаматтық авиация комитеті отандық Air Astana мен FlyArystan компанияларына жолаушылар тарапынан көптеп шағымдар түскенін айтып, алдағы уақытта осы бағытта тексерістер жүргізілетінін мәлімдеді.
«Әлеуметтік желілердегі Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының Алматы-Мале, Нұр-Сұлтан-Ташкент және Алматы-Қостанай рейстері, сондай-ақ басқа да бағыттар бойынша кешігу фактілеріне қатысты жолаушылардың көптеген өтініштеріне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тиісті тергеу жүргізетін болады. Рейстерді кешіктіру немесе орындалмаған кезде жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, авиаком.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через