фото: https://oldkaz.kyzylorda-news.kz
Қазақстанда Құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидасына өзгеріс енгізілді.
Ведомствоның мәліметінше, бұл өзгеріс мемлекет басшысының құрылысты ұйымдастыруға қатысты тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.
"Енді салынған объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау объектінің құрылысына бөлінген аумақты абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстар орындалғаннан кейін іске асырылады", – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Мамандардың пайымынша, көгалдандыру қоршаған ортаның экологиялық жағдайын және аумақты абаттандыруды, учаскенің сыртқы түрін жақсартады, тұрғындардың эмоционалды жағдайына пайдалы әсер етеді, сонымен қатар эстетикалық құндылыққа ие.
"Объектілерді пайдалануға берудің өлшемшарттарының бірін белгілеу объектіні салуға бөлінген аумақты көгалдандырудың болуы үйдің барлық тұрғындарының жайлылық деңгейін едәуір арттыруға, жел мен шаңды ұстап, атмосферадағы оттегінің құрамын арттыруға, шу және шаңды жолдар мен өндірістерден үй маңындағы кеңістікті бөлуге, ауланың келбетін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді", – дейді министрлік өкілдері.
Айта кетейік, осы Қағидаға сәйкес салынған объектілерді қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңмен реттеледі.
Бекітілген жобаға сәйкес объектілердің жай-күйі салынған объектілердің толық әзірлігін білдіреді. Соған сәйкес:
кіреберіс есігі мен терезе блоктары орнатылған;
ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған; қабырғалары мен төбелері сыланған және тегістелген;
еден жабынын салу бойынша төсем салынған (таза едендер салусыз): электр кабельдері мен сымдарын өткізу көзделген, пәтер ішіндегі бөлу автоматтары орнатылған (тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптарсыз, газды немесе электрлі ас үй плиталарсыз);
аспаптарды орнату орындарына дейін жапқыш арматурасы мен тығындары бар су өткізу және кәріз құбырлары жүргізілген (санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар орнатусыз);
тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) орнатылған;
жылыту аспаптары мен терезелік жақтау тақтайлары орнатылған, егер шартта осы көзделмесе, атап көрсетілгеннен асатын көлемдердегі жұмыстар орындалған;
объекті инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылып болуы керек.
Nur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через