Қазақстанда қосымша табыс көзін іздейтіндер көбейген.

Қазақстанда қосымша табыс көзін іздейтіндер көбейген.
фото: https://www.pexels.com/

       Қазақстанда қосымша табыс көзін іздейтіндер көбейген.  

       Соңғы бір айда елде 300 мыңнан астам адам түйіндемелерін жаңартқан. Бұл еңбек нарығының мүмкіндіктеріне қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Өтініш бергендердің дені екі мегаполисте. Алматы (38%) және Астана (21,5%). Жұмыс іздегендердің тең жартысына жуығының жоғары білімі бар. Соңғы бір айда 7 мыңнан астам адам жаңа жұмыс орнына орналасты.   

       Катарда еңбек ететін отандастарымыздың құқықтары арнайы келісім аясында қорғалуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа заң жобасын ашық талқылауға шығарды. Келісім Катардағы қазақстандықтардың жұмысқа орналасу процесін реттейді.  

       Жаңа келісім аясында жұмыс беруші қызметкердің жол шығын көтеруге міндетті. Еңбек демалысына шыққан кезде де жол жүру ақысын өтеуі тиіс. Бірақ төлқұжатты рәсімдеуге қатысты шығындар бұған кірмейді. Егер қызметкер келісімшартта белгіленген мерзімнен бұрын жұмыстан өз еркімен кетуге шешім қабылдаса, онда шығындар өтелмейді. Немесе Катардың еңбек заңын бұзса жоғарда аталған міндеттемені жұмыс беруші сақтамауға құқылы. Ал екі тараптың арасында дау туындаған жағдайда, шағым Катардың Еңбек министрлігіне жолданады. Егер бейбіт келісімге келмесе, онда Катардың құзыретті сот органдары мәселені шешуі тиіс. Құжатта жұмысқа орналасуға қатысты түйткілдерді реттейтін басқа да мәліметтер бар. Онымен егов парақшасынан таныса аласыз. 

       Енді елдегі еңбек нарығына тоқталсақ. 1,4 миллионнан астам қазақстандық нормадан артық жұмыс істейді. Былтырғы жылдың IV тоқсанында жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 9 миллионға жетті. Солардың жұмыс кестесін зерттей келе мамандар мынандай тұжырым жасаған. 7,1 млн адам аптасына 36-40 сағат, ал 1,4 млн адам 40 сағаттан артық еңбек етеді. Бұл Ұлттық статистика бюросының есебі. Шамадан тыс жұмыс істейтіндер 16-34 жас аралығындағы жастар. Олардың саны жарты миллионнан асады. 35-тен 44 жасқа дейінгі қазақстандықтар да аптасына 41 сағаттан көп еңбектенеді. 

Жұмыс жүктемесі /бір апта/ 

7,1 млн адам  36-40 сағат еңбек етеді

 1,4 млн адам 40 сағаттан көп жұмыс істейді 

       Аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейтіндердің дені сату және қызмет көрсетумен айналысатындар, жүргізушілер мен операторлар және қара жұмысшылар. Тізімге басшылар мен мемлекеттік қызметшілер де енген. Қазақстанның Еңбек кодексінде сай жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс (68-бап).

       Сонымен қатар былтыр 220 мыңнан астам қазақстандыққа жұмыссынан босап қағаны үшін жәрдемақы төленді. Оның 180 мыңға жуығы мемлекеттік қолдауды алғаш рет алған. Әлеуметтік төлемдердің дені Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарында берілген. Бұл мақсатқа мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 50 миллиард теңге бөлінді. Бүгінде елде 9,5 миллионға жуық адам еңбекке қабілетті.  Оның 7 миллионға жуығы жалдамалы қызметкер.

       Ақпарат дереккөзі www.24.kz