Қазақстанда қанша шетелдік компания жұмыс істейді?

Қазақстанда қанша шетелдік компания жұмыс істейді?

Қазақстанда қанша шетелдік компания жұмыс істейді?

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 24,2 мыңнан астам шетелдік компания жұмыс істейді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 10,5%-ға артық. LS агенттігі Қазақстан экономикасына үлес қосып жүрген шетелдік компаниялардың санын анықтады. Сонымен Қазақстанда қай салада шетелдік кәсіпорындардың саны басым?

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың 23,6 мыңы шағын бизнеспен айналысса, 314-і орта бизнеспен, ал 260-ы ірі кәсіппен айналысады.

Саудада 9,2 мың шетелдік компания жүр, оның 3,7 мыңы Ресейдің, 830-ы Түркияның, 609-ы Өзбекстанның, 556-ы Қырғыз Республикасының, 497-і Қытай Халық Республикасының өкілдері.

Қызмет көрсету саласында 3,4 мың компания жұмыс істейді. Оның 858-і Қырғыз Республикасында, 540-ы Ресейде, 363-і Түркияда, 218-і Қытайда тіркелген.

Құрылыста 2,7 мың компания жұмыс істейді. Бұл салада Түркия (908 заңды тұлға), Ресей (703 заңды тұлға), Қытай (166 заңды тұлға) және Кореяның (94 заңды тұлға) кәсіпкерлері бар.

Өңдеу өнеркәсібінде 1,2 мың шетелдік компания жұмыс істейді. Оның 373-і Ресейде, 260-ы Түркияда, 88-і Қытайда және 69-ы Өзбекстанда ресми тіркелген.

Көлік және логистика саласында шетелдік 918 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оның 390-ы Ресейде, 66-ы Түркияда, 62-сі Германиядан тіркелген.

Ақпарат және байланыс саласында – 698 компания (Ресейден – 289, Түркиядан – 57), жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 667 компания (Ресейден – 264, Түркиядан – 50) жұмыс істейді.

Қазақстанның қонақ үй және мейрамхана бизнесінде шетелдік 643 компанияның үлесі бар. Оның ішінде Түркия (202), Ресей (101) және Өзбекстан (59) кәсіпкерлері бар.

Қаржы және сақтандыру саласында шетелдік 561 заңды тұлға жұмыс істейді. Оның 154-і Ресейде, 105-і Люксембургте, 41-і Нидерландта тіркелген кәсіпорындар.

 

Тау-кен өндірісімен 421 шетелдік компания жұмыс істейді. Оның ішінде Қытайдан – 100, Нидерландтан – 53, Ресейден – 74, Виргин аралдарынан (Швейцария) — 20 кәсіпорын бар.

Ал ауыл шаруашылығы саласында 211 шетелдік компания бар. Оның ішінде Қытай (24 фирма), Ресей (47 фирма) және Түркия (27 фирма) кәсіпкерлері бар.

Мейірім Бақытжанова

Мәтіндегі ақпарат туралы