Қазақстанда қанша көлік бар

Қазақстанда қанша көлік бар
фото: diapazon.kz

Елімізде көлік саны 5 млн межесінен асты, деп хабарлайды Standard.kz порталы Ұлттық стаститика бюросына сілтеме жасап.

2023 жылғы шілдеде 169,3 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,8 есе артты, оның ішінде жеңіл автомобильдер 1,8 есеге, автобустар – 2,2 есеге және жүк автомобильдері 1,8 есе артты.

Мәселен, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген автокөлік саны 5 015,2 мың болса, оның ішінде 87,9% жеңіл автомобильдер, 10% жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар. Өткен жылғы 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.

Сонымен қатар тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының ең үлкен үлесі, яғни 45,1%-ның қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 текше см. дейінгі жеңіл автомобильдер, қозғалтқыш көлемі 1500 текше см. дейінгі көлік үлесі – 18,1%, қозғалтқыш көлемі 2000-нан 2500-ге текше см. дейін – 17,3%, қозғалтқыш көлемі 2500-ден 4000 текше см. дейін – 15,1%, 4000 текше см. жоғары – 1,9%.

Қозғалтқыш көлемі 1500-2000 текше см.-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 223 мың, Алматы қаласында – 200,7 мың, Астана қаласында – 153,7 мың, Қарағанды облысында-151 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 137,4 мың.

Жүк автомобильдерінің ішінде қомақты үлес қозғалтқыш көлемі 4000 текше см. жоғары жүк көліктеріне тиесілі (тіркелген жүк автомобильдерінің жалпы санының 72%).

Фото Руслан Пряников