2025 жылға қарай сұранысқа ие жұмыскерлердің ең көп үлесін жұмысшы мамандар құрайды.
Қазақстанда жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді. Бұл туралы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы жобасында жазылған.
"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның орта мерзімді бес жылдық болжамына сәйкес, 2025 жылға қарай сұранысқа ие жұмыскерлердің ең көп үлесін жұмысшы мамандығы бар мамандар құрайды", – деп жазылған тұжырымдама жобасында.
Сонымен қатар құжатта қазірдің өзінде Қазақстанда шаштараз, визажист, косметолог, химиялық тазалаушы және бояушы, киім тігіншісі, пәтерлерді, жиһаздарды, электр құрылғыларын, телеаппаратураларды жөндейтін мамандар, фотостудия қызметкерлері және тағы басқа мамандарға сұраныс артып келе жатқаны жазылған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через