Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады

Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады

Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады

Көлікті айдап кету оқиғалары Алматы қаласында, Қостанай мен Алматы облыстарында жиі тіркеледі екен.  Қазақстанның ішкі істер министрлігі жиі ұрланатын көлік маркаларын атады.

"Қазақстанда жиі ұрланатын көлік маркалары бар. Олар - Mercedes, Toyota, Mazda, BMW, Volkswagen және Lexus. Сосын біздің талдауымыз бойынша көлікті айдап кету оқиғалары Алматы қаласында, Қостанай мен Алматы облысында жиі болады", - деді криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов онлайн брифингте.

Оның айтуынша, 16-22 тамыз аралығында "Автомобиль" республикалық шарасы өтті. Оған 5 мыңнан астам полиция қызметкері қатысты. Негізгі мақсат – ұрланған көліктерді анықтау.

"Бір аптаның ішінде 118 көлік ұрлығы анықталды. 143 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 8 қылмыстық топ та бар", - деді Нұрмағамбетов.

Бұдан бөлек, ұрланған автобөлшектерді сатқан жүздеген кәсіпкер де жауапқа тартылды. Оларға айыппұл салынып отыр.