Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде парацетамол тапшылығы жоқ екенін айтты.
Сенат отырысында журналистер министрге елде дәрі-дәрмек мәселесі бар ма деген сауал қойды.
"Павлодар мен Қарағанды облысының дәріханаларында парацетамол жетіспеушілігіне байланысты мәселе туындады. Бүгінгі күні дәріханаларға дәрі-дәрмек әкелетін барлық дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізілді, елде парацетамол тапшылығы жоқ. 500 мыңнан астам артық қаптама бар. Бұл тек таза парацетамол. Құрамында парацетамол бар препараттар – 1,5 миллион қаптама", - деп жауап берді министр.
Министр атап өткендей, қазір дистрибьюторлармен елді барлық дәрі-дәрмекпен жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін келіссөздер жүргізілуде.
"Денсаулық сақтау министрлігі қазір эпидемия маусымы екенін, жіті респираторлық вирустық инфекциялардың өсіп жатқанын ескереді. ЖРВИ, тұмау, коронавирусқа қарсы қолданылатын барлық препараттарға апта сайын мониторинг жүргізіледі. Ешқандай мәселе жоқ", - деп түйіндеді министр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через