Қазақстандағы су қоймаларының қолдану мерзімі өтіп кеткен. Заң бойынша 25 жылға беріледі, алайда елімізде пайдалануға берілгеніне 70 жылдан асқан су қоймасы бар болып шықты.
«Жалпы су қоймалары 25 жылға дейін пайдаланылады Бірақ, еліміздегі су қоймаларына 25 жылдан асып кеткен. Олардың арасында 50-70 жыл бойы қолданылып келе жатқан қоймалар бар. Дегенмен жыл сайын бассейн инспекциясы, Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су қоймаларының жағдайы тексеріледі. Қауіп, күмән туындаған жағдайда арнайы сертификаты бар мекемені тартып, істің мән-жайы анықталады, олар бізге қорытынды береді»,- деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Досбол Бекмағамбетов «Қазгидромет» мекемесінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, одан әрі мәселе министрлік деңгейінде қаралып, қажет жағдайда бюджеттен қосымша қаржы сұралады.
Бұған дейін Экология министрлігінің өкілі Астана су қоймасында су қоры тапшылығы қалай шешілетінін айтқан еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через