Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесінің датасы өзгереді

Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесінің датасы өзгереді

       Мұғалім күні 5 қазан болып бекітілмек.

       Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталында Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады.

       Оған сәйкес, енді Қазақстанда мұғалім күнін қазанның бірінші жексенбісінен нақты 5 қазанға ауыстыру жоспарланып отыр. Қолданыстағы ҚР мерекелік күндердің тізбесінде "Мұғалім күні" кәсіби мерекесі қазан айының бірінші жексенбісіне белгіленген.

       Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерту президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында енгізілмек.

       Informburo.kz