Қазақстан Республикасында коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия карантиндік шектеулер кезінде Қазақстан шекарасынан өтудің жаңа тәртібін бекітті.
Біріншіден, қазақстандықтар мен шетелге шығатын шетел азаматтары үшін белгілі өзгерістер мен жеңілдіктер енгізілді.
-
Жерлеу рәсіміне немесе науқас отбасы мүшелері мен жақын туыстарына, жұбайы, ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, інілері мен әпкелері, атасы, әжесі мен немерелері сияқты жақындарының күтімі үшін шетелге баратын Қазақстан азаматтары, деректі растайтын құжаттары болса жұбайыңымен және кәмелетке толмаған балаларымен шекарадан өте алады.
-
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жерлеу рәсіміне және ауыр науқас отбасы мүшелері мен жақын туыстарына, мысалы, жұбайы, ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, толық және туған бауырлары мен әпкелері, атасы, әжесі мен немерелеріне күтім жасау үшін шекара аса алады. Олар да растайтын құжаттары бар жағдайда жұбайымен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге шекарадан өте алады.
Сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан аумағына келе алатын туыстарының тізімі кеңейтілді. Ата-аналардан басқа, балалар, ерлі-зайыптылар, асырап алушылар, асырап алынған балалар, толық және жартылай ағалы-қарындастар, атасы, әжесі мен немерелері қосылды. Ағайын-туыс бауырлар бұл шартқа сәйкес келмейді.
Сонымен қатар шетелдіктерге жұбайымен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге шекарадан өтуге рұқсат етіледі, бірақ 30 күнде бір рет қана шекара аса алады.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через