Қазақстанда мектеп пен балабақшаларға қанша психолог жетіспейді

Қазақстанда мектеп пен балабақшаларға қанша психолог жетіспейді
фото: https://www.istockphoto.com/

       2023-2024 оқу жылында психологтарды даярлауға 8723 мемлекеттік грант бөлінген.

       Ұлттық білім беру деректер қорының ақпараты бойынша мектептердегі педагог-психологтерге қажеттілік 229-ды, мектепке дейінгі ұйымдарда 2029-ды құрайды. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. 

       Оның мәліметінше, бүгінде "Педагогика және психология", "Психология" мамандығы бойынша 36 жоғары оқу орны даярлайды. 

        2023-2024 оқу жылында 8723 мемлекеттік грант бөлінген, оның ішінде:

       "Педагогика және психология" мамандығы бойынша: 6702 – бакалавриат,

       1512 – магистратура, 267 – докторантура;
       "Психология" мамандығы бойынша: 230 – бакалавриат, 12 – магистратура.

       "Қазіргі таңда 19 931 білім ұйымының  9552-де педагог-психологтердің штат бірліктерінің саны талаптарға сәйкес келтірілді. Қалған білім беру ұйымда   Оқу-ағарту министрлігі әкімдіктермен бірлесіп штат санын талаптарға сәйкес келтіру жұмыстарын жүргізуде", – деп жауап берді Тамара Дүйсенова.

       https://informburo.kz/kaz