Қазақстанда медиация қалай дамып келеді

Қазақстанда медиация қалай дамып келеді
фото: elements.envato.com

       22 желтоқсанда Алматыда Қазақстандағы медиацияны дамытуға арналған конференция өтті.

       Іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» ықпалымен ұйымдастырылды. Конференцияның негізгі спикері - «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығының сарапшылар тобы. Ал іс-шараға қатысушылар арасында «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесінің мамандары мен облыс медиаторлары болды. 

       - Медиацияның негізгі пайдасы - сотқа дейінгі шешімдерді қабылдау. Дауласқан екі жақты тиімді әрі артық шығынсыз татуластыру. Қазіргі таңда сотқа өте көп шағым-талап түсіп жатыр. Біз осы гранттың аясында сотқа жүгініп отырған азаматтардың ісі медиацияға бөлінуін көздейміз, - деді Халықаралық келіссөздер академиясының кеңесшісі Азамат Нұрлыбеков. 

       Конференцияда екі тараптан туындайтын дауды шешудің баламалы әдісі түсіндірілді. 

       Айта кетсек, аталған қауымдастық осыған дейін еліміздің 17 аймағында 60 аймақтық конференция өткізді. 

       - Медиация қызметі қоғам үшін керек нәрсе. Медиация отбасынан басталады. Бала-шаға,  үлкенді сыйлау, көзіңді басқа нәрсеге салмау, үкіметке зиян келтірмеу, заң бұзбау сыңды талаптар жиынтығы. Барлығы медиацияның бір түрі, - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесшісі Болат Оспанов.

       almaty.tv