фото: https://turkystan.kz
Қазақстанда майнерлерге салынатын салық 10 есе өсуі мүмкін
Елімізде цифрлық майнингке тұтынылған электр энергиясының әр киловатт-сағатына 10 теңге салық салу жоспарланып отыр. Министрдің айтуынша, ведомство майнингке салықты бірнеше есе ұлғайту бойынша тиісті тәсілдерді пысықтап жатыр.
«Бүгінде ресми тіркелген майнингтік компаниялар шамамен 640 МВт электр қуатын тұтынады. Сонымен қатар «көлеңкелі» майнингпен айналысатындарды да ресми тіркеу қажет. Бұл ретте майнингтік компаниялар электр энергиясын тікелей энергия өндіруші ұйымдардан немесе реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан тұтынады. Мұның басты себебі – тарифтің тартымдылығында», – деді Әлібек Қуантыров.
Осыған байланысты министрлік тұтынған электр энергиясының 1 киловатт-сағатына салық ставкасын 10 теңгеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Сондай-ақ майнингтік фермаларға неғұрлым жоғары тарифтер белгілеу үшін оларды энергия өндіруші ұйымдар тұтынушыларының жеке тобына бөлу жоспарланған.
Айта кетсек, қаңтар айынан бастап цифрлық майнингке салық салына бастаған болатын. Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін майнингтік фермалар тұтынған электр энергиясының әр киловатт-сағатына 1 теңге төлейді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через