Қазақстанда күріш бағасы бір жылда 40%-ға қымбаттады

Қазақстанда күріш бағасы бір жылда 40%-ға қымбаттады
фото: sputnik.kz

Жыл басынан бері Қазақстанда күріш бағасы 40,3%-ға қымбаттады. Бұл бағаның өсуі 28,9%-ға жеткен өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай көп. Бұған дейін күріш бағасы екі жыл қатарынан төмендеп келді, деп хабарлайды Energyprom мониторинг компаниясы.

Тегістелген және жылтыратылған күріштің ең жоғары бағасы Ақтауда тіркелді: бір келісі үшін 904 теңге. Одан кейін Орал мен Астана тұр: сәйкесінше 829 және 821 теңге. Қызылорда (495 теңге), Петропавл (510 теңге) және Талдықорғанда (519 теңге) ең арзан күріш анықталды.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында жартылай тазартылған, толық тазартылған немесе шағылған күріш өндірісі 177,2 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға аз.

Қазақстандағы күріштің барлығы дерлік Қызылорда облысында өндіріледі, ал қалған 10%-ға жуығы Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына тиесілі.

2023 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында елге 21 мың тонна жартылай тазартылған, толық таззартылған немесе шағылған күріш импортталды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 3,3 есе көп.

Ішкі нарықтағы импорт үлесі 3,9%-дан 13,6%-ға дейін өсті. 74,8 мың тонна күріш экспортталып, оның жартысынан астамы Өзбекстанға жіберілді. Экспорттың айтарлықтай көлемі Ресей мен Тәжікстанға да жіберілді.

ҚазАқпарат