Қазақстанда кепілсіз кредит бойынша мөлшерлемені бірнеше есе қысқарту ұсынылды. Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сәйкес қаулы жобасын жариялады.
«Шағын кредит ұсыну бойынша жеке тұлғамен арада жасалған келісімшарт бойынша мына көлемде сыйақының шекті мөлшерін орнату ұысынылады: берілетін шағын кредит сомасын толық жабатын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген берілетін шағын кредит сомасының 20%-і көлемінде; мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген кредит бойынша берілген шағын кредит сомасының 5,5%-і көлемінде», - деп жазылған құжатта.
Қазіргі уақытта жеке тұлғамен жасалған шағын кредит ұсыну туралы келісімшарт және қамтамасыз етілмеген мүлік кепілі бойынша сыйақының шекті мәні берілген микрокредит көлемінің 25%-ін құрайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через