Қазақстанда Катон-Қарағай жақта жер сілкінісі болды

Қазақстанда Катон-Қарағай жақта жер сілкінісі болды
фото: https://sputnik.kz

Бұл қазақстандық сейсмологтар бір тәулік ішінде тіркеген үшінші жер сілкінісі

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша 18.35-те (ГВТ 12.35-те) жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым жерде Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан, деп атап өтті сейсмологтар.

Экспедиция сайтындағы картада жер сілкінісінің Шығыс Қазақстан облысындағы Катон-Қарағай маңында болғаны көрсетілген.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.8. MPV магнитудасы - 4,4. Тереңдігі - 10 шақырым.

Бұл қазақстандық сейсмологтар бір тәулік ішінде тіркеген үшінші жер сілкінісі. Алғашқы екеуі Қырғызстанда Астана уақытымен 11:24 және 14:44-те болды. Екінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 113 шақырым жерде орналасқан.

Қазақпарат