фото: Фото: gov.kz
Қазақстандағы кәсіптердің ресми тізбесіне жаңадан 840 мамандық қосылды.
Еңбек нарығындағы жағдай біршама өзгерген. Бұл туралы ұлттық қызметтер жіктеуішін жүргізетін мамандар мәлімдеді.
Кәсіптік салалардың қайсысы жаңашылдыққа толы?
Мұнай және газ, энергетика, көлік-логистика, тау-кен металлургия, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар. Заман талабына сай өзгерістерді қажет ететін негізгі салалар осы. Жалпы, кәсіптердің ресми тізбесін жасақтайтын ұлттық жіктеуішке өзгерістер 5 жылда бір рет енгізіледі. Осы жолы 840 жаңа мамандық енгізілген.
Бұл жұмыс екі жылдың ішінде жасалған. Қызмет берушілер және салалық мемлекеттік органдардан, олардың ұсыныстары жиналып, бұл өзгерістердің бәрі ашық жарияланымда жатыр. Яғни оны талқылауға әлі де болады. Бұл жұмыс 15-қазанға дейін атқарылады, - дейді ҰБЖ әдістеме департаменті басқармасының басшысы Динара Капитонова.
Жаңа бағыттағы мамандарды даярлау оқу ордаларына жүктелетіні белгілі. Сондықтан жоғары оқу орындары еңбек нарығындағы ахуалды үнемі бақылап, зерттеуі тиіс. Мұндай зерттеу әдетте жұмыс берушілермен бірге жүргізіледі. Сөйтіп жаңа пәндердің құрылымы түзіледі. Жаңа маман даярлайтын оқытушылар да біліктілігін жоғарылатуы тиіс. Олар кәсіпорындардың өзінен дайындықтан өтеді. Шетелдегі университеттердің тәжірибесімен танысады.
Студенттерді біз дуалды түрде оқытамыз. Яғни біраз сабақтары өнеркәсіпте өтеді, біздің партнерларімізде, яғни жұмыс берушілердің жұмыс орындарында. Жұмыс берушілердің тарабынан кәдімгідей сол студенттерге қарайтын, сол студенттерге сабақ беретін, тәжірибе беретін өкілдері бар. Солармен тығыз байланыстамыз, - деді Қ.И. Сәтпаев атындағы қазұту тіркеу кеңсесінің директоры Нұрлан Қызылбаев.
Нұрлан Қызылбаевтың айтуынша, биыл өзі қызмет ететін білім ордасында 14 жаңа білім беру бағдарламасы ашылды. Техникалық мамандарды даярлайтын оқу орны цифрлық энергетика, машина жасау дизайны мен технологиялары, диджитал модельдеу сияқты жаңа сипаттағы оқыту курсын құрған. Алайда қызметкерлерді іріктеп, жұмысқа орналастыратын компания өкілі түбегейлі жаңарған кәсіптің жоғын айтады.
Қосылып жатқан жаңа мамандықтар негізіннен бұрыннан бар. Тек жұмыс беруші қызметкрелен қосымша дағдыларды талап етсе керек. Бүгінде бос жұмыс орындарының сипаттамасына үңілсек, дені цифрлық технология және бағдарлауға қатысты талаптар. Мұндай дағдылар тек бертінде ғана меңгеріле бастады, - деді Жұмысқа орналастыратын компанияның жетекші менеджері Рахима Махмұдова.
Кәсіптердің ұлттық жіктеуіші деп аталатын тізімде бүгінде 11 мыңға жуық мамандық бар. Бес жыл сайын жаңаратын жіктеуішке еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ірі кәсіпорындар өз талап-тілектерін білдіріп, өзгертулер енгізе алады.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через