Қазақстанда ипотека алатындар азайды
Банктер клиенттің төлем қабілетін бағалау кезінде скорингтік жүйені қолдана бастады.
Қазақстанда ипотекаға сұраныс төмендеді. Оған "Баспана хит" бағдарламасының жабылуы мен үй бағасының қымбаттауы себеп.
Ұлттық банк ұсынған мәліметке сай, елдегі 20 банкке жасалған сауалнама нәтижесі үшінші тоқсанда ипотекалық өтінім саны 27% көбейгенін көрсетті. Алайда мақұлданған өтінімдер 17% азайған.
Бүгінде банктер клиенттің төлем қабілетін бағалауда скорингтік жүйені қолдана бастағанын еске салайық. Бұл да қарыз алу қарқынын тежеді. Десе де шарттарын жеңілдетіп жатқан ұйымдар да жоқ емес. Көбі кепілзат талаптарын қысқартып, жылдық үстеме пайызын азайтып жатыр.
Айта кетері, бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тұрғын үй бағасы қашан тұрақталатынын болжаған болатын. Оның айтуынша, құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындардың ашылуы баспана бағасының шарықтауын тоқтатады.
Министр тұрғын үй бағасы келесі жылы тұрақталатынын атап өтті.
"Менің болжамымша баға бір қалыпқа келеді. Қазір сұраныс болған соң құрылыс компаниялары үйді салып жатыр", - деп түйіндеді Бейбіт Атамқұлов.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через