Қазақстанда инвестициялық виза енгізіледі

Қазақстанда инвестициялық виза енгізіледі
фото: https://sputnik.kz

Қазақстанда инвестициялық виза енгізіледі

Қазақстан шетелдік бизнесмендер үшін инвестициялық виза енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Виза Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан астам инвестиция құйған кәсіпкерлерге беріледі.

"Ел экономикасына бір уақытта үш жүз мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге инвестициялық визаны енгізу үшін Көші-қон саясаты тұжырымдамасына және "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына өзгерістер енгізіледі", - деді Қуантыров үкімет отырысында.

Сондай-ақ жер қойнауын игеруге инвестиция тарту үшін заңнамаға рәсімдерді оңайлату бойынша тиісті өзгерістер енгізіледі. Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар әзірленіп жатыр.

Соның ішінде инвестициялық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу жоспарлануда. Сәулет-құрылыс қызметін реформалау, сондай-ақ ескірген құрылыс стандарттары мен нормаларын өзектендіру мақсатында тұжырымдамалық жаңа құжат – Қала құрылысы кодексі қабылданады.

"Самұрық-Қазына" қорының қызметі стратегиялық маңызды секторлардағы компаниялар акцияларының мажоритарлық пакетіне ғана иелік ететін инвесторға қайта форматталады.

Барлық шара президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасында көзделген.


Мәтіндегі ақпарат туралы