фото: https://egemen.kz/
Қазақстанда ет бағасы өсті
Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы бір жылда 1,6%-ға ұлғайды. Сонымен қатар еттің бөлшек сауда бағасы 11%-ға өсті.
Energyprom зерттеушілерінің мәліметтері бойынша, өңірлік бөліністе өнімнің басым бөлігі дәстүрлі түрде Алматы облысына тиесілі. Көшбасшылар үштігіне Түркістан және Ақмола облыстары да кірді.
«2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 3,1 трлн теңгені құрады – бір жыл бұрынғыға қарағанда нақты мәнде 3,6%-ға артық», делінген зерттеуде.
2022 жылдың 1 ақпанына қарай елімізде жылқы саны бір жылда 11,3%-ға, 3,4 млн басқа дейін, құс - 9,2%-ға, 47,3 млн басқа дейін, түйе - 7,5%-ға, 241,5 мың басқа дейін, қой - 4,5%-ға, 18,5 млн басқа дейін, ІҚМ-3,9%-ға, 8,3 млн басқа дейін өсті, оның ішінде сиыр саны - 5,4%-ға, 4,2 млн басқа дейін артты.
Шошқа басы 2,6%-ға, 823,3 мың басқа дейін, сондай-ақ ешкі басы 1,2%-ға, 2,3 млн басқа дейін қысқарды.
Жалпы, мал шаруашылығы саласындағы өндіріс оң нәтиже беруде.
Осылайша, 2022 жылдың қаңтарында тауық жұмыртқасының өндірісі айтарлықтай өсті - жылына бірден 18,4%-ға, 369,7 млн данаға дейін.
Қазақстан бойынша бөлшек сауда нүктелерінде ет пен құс етінің бағасы 2022 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша бір жылда 11,3%-ға өсті.
«Оның ішінде қой еті – 15,4%-ға, жылқы еті – 11,8%-ға, шошқа еті - 10,2%-ға, сиыр еті - 8,3%-ға қымбаттады. Пісірілген шұжықтың құны 7,2%-ға, жартылай ысталған шұжықтың құны 9,1%-ға өсті», делінген зерттеуде.
ҚР дүкендері мен базарларында сиыр етінің орташа бағасы кг үшін 2,2 мың теңгені, қой етіне - 2,4 мың теңгені, шошқа етіне - 1,9 мың теңгені, жылқы етіне - 2,6 мың теңгені құрады. Пісірілген шұжық бір кг үшін орта есеппен 2,2 мың теңге, жартылай ысталған шұжық - 2,6 мың теңге тұрады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через