Қазақстанда электр самокатының жылдамдығын сағатына 25 километрге дейін шектеу ұсынылды

Қазақстанда электр самокатының жылдамдығын сағатына 25 километрге дейін шектеу ұсынылды

      Шектеудің енгізудің басты себебі – Қазақстанда самокатшылар қатысуымен болған апаттарды азайту.

       Өткен жылы самокаттардың қатысуымен 68 жол-көлік оқиғасы болып, бір адам көз жұмды. Осы орайда, олардың жолдағы жылдамдығын сағатына 25 километрге дейін шектеу ұсынылды, деп мәлімдеді Қазақстан автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу жөніндегі директоры Ербол Сейпілов.

       "Жалпы самокатты велосипед және оны мопед немесе мотицикл деп санайтындар арасында өте үлкен пікірталас болып жатыр. Үкімет тапсырмасымен ішкі істер министрлігінің бастамасымен арнайы стандарт әзірленуде. Осы стандарт аясында самокаттың ең үлкен жылдамдығы сағатына 25 км болады, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер режимінің мүмкіндігі де қарастырылып отыр", – деді Ербол Сейпілов.

       Ұлттық стандартқа сәйкес электросамокат бұл "орындығы жоқ, электр қозғалтқышын пайдалану арқылы бір адамның қозғалуына арналған екі немесе үш дөңгелегі бар жеке мобильділік" электр көлік құралы.

       Стандартты әзірлеушілер электросамокаттың барлық түрі үшін жылдамдықты сағатына 25 километрден асырмауды ұсынып отыр.

       Жылдамдықты бұлай шектеудің басты себептерінің бірі – Қазақстанда самокатшылар қатысуымен болған апаттарды азайту. ІІМ мәліметінше, 2021 жылы Қазақстанда самокаттардың қатысуымен 68 жол-көлік оқиғасы болған. Бір адам көз жұмып, 71 адам зиян шеккен. Ал биыл 41 жол-көлік оқиғасы болды.

       Stan.kz