фото: stylishbag.ru
Экстракорпоральды ұрықтандыру әлемдік медицинада қалыпты құбылысқа айналды. Мысалы Израильде қолдан ұрықтандыру кеңінен қолданылады. Таяу Шығыстағы шағын мемлекет бұл салада жетекші орынға ие. Себебі елде демографиялық саясатқа ерекше мән берілген.
Демография – мемлекет табысының маңызды факторы. Израиль билігі әсіресе бұл ұстанымды ерекше қолдайды. Елдегі бедеулік мәселесімен күресу үшін Израиль жергілікті медицинасы түрлі амалдарды іздейді. Ақ халаттылар мәселені шешу үшін оның негізін анықтау керек, деп түсіндірді.
Юрий Ранков, медициналық орталық директоры: - Мәселе мынада, аналық без деп аталатын резерв бар. Бұл ұрықтандыруға қабілетті жұмыртқалардың белгіленген саны. Әйел балалы болу туралы неғұрлым кеш ойлана бастаса, бұл процестің күрделілігі соғұрлым жоғары болады.
Осы себепті криоконсервация процедурасы елде кең таралған. Репродуктивті жасында кез келген әйел аналық жұмыртқа жасушаларын сақтап қойып, кейін экстракорпоралды ұрықтандыру көмегімен кез келген жаста ана атана алады.
Юрий Ранков, медициналық орталық директоры: - Яғни, 35 жасқа дейін аналық жұмыртқа жасушалар сау болады, әйелдер мансап пен жеке дамуға баса назар аударса да, кейін, дені сау ұрпақты осылайша дүниеге әкеле алады.
Медицинадағы қолдан ұрықтандыру саласы өте жас, ең алғаш рет бұл әдіспен 1978 жылы дүниеге нәресте әкелінді. Сол жылдары сәтті операциялар – 15 процентті құраған. Технология қарқынды дамып, қазір процедурасы бойынша жүкті болу ықтималдығы әлдеқайда жоғары деңгейге жетті.
Юрий Ранков, медициналық орталық директоры: - Бүгінгі таңда экстракорпоралды ұрықтандыру саны айтарлықтай өсті және біз сәтті операциялар үлесі 35-40 пайыз деп айта аламыз.
Израильде қолдан ұрықтандыру ісі бір емхана жүйесі бойынша жұмыс істейді. Барлық мамандар бір орталыққа шоғырланады. Бұл жұмыс барысын мұқият бақылауға мүмкіндік береді. Салада озық технологиялар барынша қолданылады. Мысалы, эмбриоскоп құралымен жасанды интеллекті пайдалана отырып ең сапалы ұрық таңдалады.
Дереккөз 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через