фото: https://sputnik.kz
Қазақстанда екінші АЭС салынуы мүмкін бе ?
Қазақстанда екінші атом электр станциясы Курчатов қаласына жақын маңда, Ертіс өзені бойында алдағы 10 жылда салынуы мүмкін. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты.
Оның айтуынша, құрылысты жүргізуге Балқаш көлі және Ертіс өзені қолайлы алаң саналады.
Оған қоса Балқаштың Үлкен ауылында Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу жоспарланған.
"Егер Қазақстан көміртек бейтараптығына апаратын жолды таңдаса, онда бірнеше атом станциясын салудан басқа жол жоқ. Ертіс – перспективалы алаң. Бірінші АЭС құрылысы басталып, сәтті іске қосылған жағдайда: "Қазақстанда қанша атом электр станциясы болады?" деген екінші сұрақ туындайды. Екінші АЭС Ертіс бойында, Курчатов қаласы аумағында пайда болуы әбден мүмкін", – деді энергетика вице-министрі.
Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан жыл соңына дейін бірінші АЭС салудың технологиясына қатысты шешім қабылдайтынын айтқан болатын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через