Қазақстанда екі күн ішінде іздеуде жүрген 283 қылмыскер ұсталды

Қазақстанда екі күн ішінде іздеуде жүрген 283 қылмыскер ұсталды
фото: sputnik.kz

Ішкі істер министрлігі Қазақстан аумағында ТМД елдерімен бірлескен "іздестіру" операциясын жүргізді, екі күн ішінде 283 қылмыскер ұсталды. Арасында ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар бар, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Екі күнде 283 адам ұсталды, оның ішінде кісі өлтіргені үшін – 8, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін – 9, тонау шабуылдарын жасады деген 3 адам және тонаумен айналысқан 5 адам бар.

Республикадан тыс жерлерде 20 адам табылды (Ресейде – 10, Қырғызстанда - 4, Өзбекстанда – 3, Арменияда – 2, Молдовада және Түрікменстанда - бір адамнан); Достастық елдері үшін – 134 (Ресей іздеу жариялаған - 78, Өзбекстан 31 және Қырғызстан үшін – 18, Тәжікстан үшін - 2, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова және Түркіменстаннан іздеу жариялаған бір-бір адамнан табылды).

Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 62 адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған адам анықталды.

Ақтөбеде 1999 жылдан бері Орынбор облысы бойынша Ресей ІІМ іздеу жариялаған 55 жастағы Ресей азаматы табылды. Оған Орынбор облысының екі тұрғынын өлтірді деген айыптағылған.

Таразда 2020 жылдың 9 маусымында Қарағанды кафесінің бірінде облыс тұрғынын өлтірмек болғаны үшін іздеуде жүрген Алматы облысының екі тұрғыны ұсталды.

Астанада қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан ІІМ жедел-іздестіру тобымен бірлесіп, 2019 жылғы қаңтарда Наманган облысында балтамен қасақана кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген 29 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.

ҚазАқпарат