фото: ҚР арнайы сайтынан
Биыл фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды
Бүгінгі таңда Қазақстанда 10,3 млн гектар егін жиналды, бұл жоспарланған алаңның 59,9%-ын құрайды. 9,5 млн ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 6,9 млн тонна бидай орылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік атап өткендей, биыл фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қалың жаңбыр жауды. Бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына кері әсер етті.
Алайда астықтың күтілетін өнімі Қазақстанды нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жеткілікті.
"Елімізде өткен жылғы жоғары сапалы астықтың мол қоры бар. Өнімділіктің төмендеуіне байланысты экспорттық әлеует төмендейді, алайда республика дәстүрлі экспорттық нарықтардағы өз позициясын сақтайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство аграрларды қолдау шараларына да тоқталып өтті.
Қазір маңызды міндет – фермерлерге қажетті қолдау көрсету. Атап айтқанда, астықты кептіру үшін жеңілдетілген дизель отынын бөлу мәселесі пысықталды. Облыстардың астық кептіруге арналған отынға жалпы қажеттілігі – 73 мың тонна. Оның 19 мың тоннасын қолда бар резерв есебінен жабу жоспарлануда.
Барлық астық қабылдау кәсіпорындарының астықты қабылдауға дайындығы қайта тексерілді. Республика бойынша астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,9 млн тоннаны құрайды.
Сондай-ақ фермерлер үшін айыппұл санкцияларын қолданбай несиелерді төлеу мерзімін ұзарту мәселелері жеке пысықталуда, бұл болашақта олардың несие тарихының бұзылмауына мүмкіндік береді.
Sputnik Qazaqstan
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через