Ресми мәліметке сәйкес, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, 16,4 миллион тонна астық бастырылды
Ауыл шаруашылығы министрлігі астық жинау науқаны аяқталғанын жариялады.
Ресми мәліметке сәйкес, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, 16,4 миллион тонна астық бастырылды. Орташа есеппен бір гектардан 10,3 центнер шықты.
"Астық жоғары сапалы болып шыққан. Мәселен, астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жұмсақ бидайдың 90,5 проценті 1-3 санатқа жатады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 81,2 проценті болған. Жалпы, өсірілген астық ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, экспортқа белгілі бір көлемді жөнелту үшін де жеткілікті", - делінген ресми хабарламада.
Ал қарақұмықтың бастапқы салмағы 80,8 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 76 процентке артық. Бұдан бөлек, қара бидай (43% - ке), дәндік жүгері (22,6% -ке), бұршақ дақылдары (1,3%-ке) көп жиналды. Тары да өткен жылдан 15 процентке артық шықты.
Сонымен қатар, 3,9 млн тонна картоп, 4,9 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды.
Қазіргі кезде майлы дақылдарды жинау жалғасып жатыр
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через