Қазақстанда былтыр 120,8 мың адам некелесіп, 40,2 мыңы ажырасты

Қазақстанда былтыр 120,8 мың адам некелесіп, 40,2 мыңы ажырасты
фото: https://pixabay.com/ru/

2023 жылы АХАТ органдары Қазақстан Республикасында 120,8 мың некені тіркеді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,9% аз.

Өңірлер арасында Астана қаласының тұрғындары көп некелескен. Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер үшін 27,8 жас, әйелдер үшін 25,2 жас болды. 

2022 жылмен салыстырғанда ажырасу саны 9,6% азайып, 40,2 мыңды құрады. Қалалық жерлерде 29,4 мың ажырасу (73,1%), ауылдық жерлерде 10,8 мың ажырасу (26,9%) тіркелген. Ажырасудың ең жоғары деңгейі ШҚО-да тіркелді.

Baq.kz