фото: novideo.rbc.ru
Қазақстанның азаматтық авиация комитеті елімізде тіркелген Boeing MAX әуе кемелері бойынша мәлімдеме жасады.
5 қаңтарда АҚШ-та Портлендтен Калифорнияға ұшып шыққан Alaska Airlines ұшағының терезесі ұшып кеткен болатын. Оқиға жерден 5 шақырым биіктікте болған.
Осыған байланысты АҚШ пен Еуропада Boeing 737 MAX 9 ұшағы қолданыстан шығарылып, тексеру басталды.
Комитеттің хабарлауынша, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі елдегі осы типтегі ұшақтарды пайдаланушылармен, сондай-ақ Boeing және FAA-мен әрі қарай қандай шара қабылдайтынын шешу үшін тығыз байланыста.
«Қазақстанда Boeing 737-9 MAX ұшағының 5 данасы тіркелген, бәрінде ұшуға жарамдылық сертификаты бар. FAA ұшуға жарамдылық жөнінде шұғыл директива шығарды (51.02.2024). Ұшуға жарамдылық директивасы автоматты түрде барлық B-737 MAX пайдаланушыларына қолданылады. Бұл директива орташа кабинаның апаттық шығу люгі орнатылған кез келген санатта сертификатталған Boeing компаниясының B737-9 үлгісіндегі әуе кемелеріне қолданылады» деп мәлімдеді комитет.
Ал Қазақстанда тіркелген әуе кемелерінде апаттық шығу люгі емес, есігі пайдаланылады, демек директиваның еліміздегі әуе кемелеріне қатысы жоқ.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через