Қазақстанда құрамында никотин бар өнімдердің техникалық регламентін бекіту жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 15 қазанға дейін талқыланатын болады. "Техникалық регламент құрамында никотин бар өнімді Қазақстан аумағында қолдану, сақтау, тасымалдау, сату, таңбалау, жоюды реттейді".
Бұйрыққа сәйкес, Қазақстан нарығына ашық түрдегі электронды тұтыну жүйелерін, ауыстырылатын контейнерлер мен ашық түрдегі никотинді, сондай-ақ никотинсіз сұйықтық құюға арналған ыдыстарды шығаруға жол берілмейді. "Қазақстан нарығына бір рет пайдаланылатын электрондық темекі шығаруға жол берілмейді", - делінген құжатта. Сондай-ақ тұтынушы қаптамасынсыз электрондық тұтыну жүйелері мен сұйықтықтарды айналысқа шығаруға тыйым салынады. Регламент бойынша 21 жасқа дейінгілерге электрондытұтыну жүйелері мен сұйықтықтар сатылмайды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через