Біздің өміріміздегі мәдениет

Бөлісу

Қазақстанда "Базз Лайтер" мультфильмін көрсетуге тыйым салынды

  Қазақстанда "Базз Лайтер" мультфильмін көрсетуге тыйым салынды

Қазақстанда "Базз Лайтер" мультфильмін көрсетуге тыйым салынды

Қазақстан кинотеатрларында "Базз Лайтер" мультфильмін көрсетуге тыйым салынды.

"Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік "Базз Лайтер" анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы жазба арқылы жеткізуді жөн көрдім. "Базз Лайтер" анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді. Шешім қабылданды", – деп жазды мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Базз Лайтер" - Pixar және Walt Disney Pictures киностудияларының мультфильмі. Фильм "Ойыншықтар тарихы" анимациялық фильмі франшизасының спин-оффы.

Мультфильмде екі әйелдің бір-бірімен сүйісуі сахналануына байланысты Мысыр, Индонезия, Ливан, Кувейт, Малайзия, Сауд Арабиясы және БАӘ сияқты елдерде көрсетуге тыйым салынған еді.

Қытай мемлекеті де ол эпизодты фильмнен алып тастауды талап етті.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через