Мектеп оқушыларына арналған секциялар мен үйірмелерге баратын балалар саны 2021 жылы 2 689 609 адамды құрады. 2020 жылмен салыстырғанда үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 508 мың адамға өсті, алайда бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі 2019 жылғы көрсеткіштен төмен болды, ол кезде үйірмелерге 2 886 131 оқушы барған.
Балалардың ең көп саны көркем сурет-эстетика (309 мың адам), волейбол (237 мың адам), футбол және тіл үйірмелеріне (әрқайсысы 213 мың адам) қатысқан.
Ал теннис (77 мың адам), сондай-ақ экология (67 мың адам), күрес (43 496 мың адам) пен туризм және өлкетану (32 мың адам) үйірмелеріне баратын балалардың саны көп болмаған.
Сонымен қатар қысқы спорт түрлерімен байланысты үйірмелерге баратын балалар саны азырақ (12 мың адам).
Айта кетейік, үйірмелер саны 2020 жылы 87 460 бірліктен 2021 жылы 113 752-ге дейін өскен.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через