Қазақстанда аяқ-киімді таңбалау жүйесі енгізілді

Қазақстанда  аяқ-киімді  таңбалау  жүйесі  енгізілді

Қазақстанда  аяқ-киімді  таңбалау  жүйесі  енгізілді

Аяқ киім өндірушілері мен импорттаушылар оған дейін таңбалау жүйесіне тіркелуі қажет.

Қазақстанда аяқ киім өндірумен немесе сатумен айналысатын кәсіпкерлер 2021 жылдың 1 қарашасына дейін аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалауға дайын болуы қажет.

Ол үшін өндірушілер, импорттаушылар және бөлшек сатушы заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкер ЭЦҚ-ны пайдаланып, таңбалау жүйесіне тіркелуі қажет. Бұл ретте электрондық поштасының мекенжайы мен телефон нөмірі көрсетіліп, қалған барлық деректер ЭЦҚ-мен жасалады. Мына сілтеме бойынша тіркелу керек: https://elk.prod.markirovka.ismet.kz.

Міндетті таңбалау. Әр аяқ киім туралы мәліметті ұлттық тауар тізбесіне енгізу қажет.

1 қарашадан міндетті цифрлық таңбалау енгізілді

«Өндіруші және импорттаушыда GTIN (қаптаманың штрих-коды) бар болса, жүйеде жұмысты бастай алады. "Тауарлардың ұлттық каталогы" бөліміне кіріп, "Субаккаунт" бөліміндегі профиль өлшемдерінегі өндіруші туралы деректерді толтырады және тауарды "Тұтынушылық қаптама" бөлімінде тіркей алады. Ал егер GTIN болмаса, олар GS1 Kazakhstan қауымдастығына кіруі керек. Мұны жүйенің өзінде "GS1-мен өзара әрекеттесу" қосымшасында жасауға болады. Содан кейін өнім туралы мәліметтер Ұлттық каталогта толтырылады» делінген  ҚР ИИДМ таратқан хабарламада.

Қазірдің өзінде «Тапсырыстарды басқару станциясы бөлімінде тауардың әр данасына үшін таңбалау кодтарына тапсырыс беруге, оны PDF немесе CSV форматында түсіріп, кез келген принтерде басып шығаруға және қорапқа, аяқ киімге немесе тауар белгісіне қолдануға болады.

Өндірушілер аяқ киімді сатуға шығарғанға дейін өндірісте, импорттаушылар – аяқ киім шығаратын  фабрикада  немесе ҚР кеден қоймаларында таңбалайды.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанда таңбаланбаған аяқ киім өндіруге және импорттауға тыйым салынады.  Бұған дейін өндірілген немесе  импортталған тауарды 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін сатуға болады, содан кейін сөрелерде тек цифрландырылған аяқ киім тұруы тиіс....

Мәтіндегі ақпарат туралы