Қазақстанда авиация саласында жоғары білікті мамандар тапшы – көлік министрлігі

Қазақстанда авиация саласында жоғары білікті мамандар тапшы – көлік министрлігі
фото: sputnik.kz

Көлік министрі ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, авиабилет құнын төмендету және Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды

Қазақстанда авиация саласында жоғары білікті мамандар тапшылығы сезіледі, деп мәлімдеді көлік министрі Марат Қарабаев.

Көлік министрлігінде отандық авиация саласының өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.

"Күн тәртібінде авиация саласындағы жоғары білікті кадрлар тапшылығы мәселесі бар. Осыған байланысты білім беру процесіне оқытудың жаңа әдістерін енгізу, сонымен бірге сала мамандарын шетелде тағылымдамадан өткізу сұрақтарын пысықтау қажет", - деп атап өтті көлік министрі.

Ол ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, авиабилет құнын төмендету және

 Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

"Эйр Астана" әуе компаниясының басшысы Питер Фостер атқарылып жатқан жұмыс барысы мен ұйымның 2024 жылы IPO-ға шығуға дайындығы туралы айтып берді.

ҚазАқпарат