Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының имиджін арттыруға бағытталған «Төтенше жағдай» телехикаясын жарыққа шығарды. Телехикая шынайы оқиғалар негізінде түсірілген.
Жобаға отандық киноматография актерлері, ТЖД, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тартылды.
Сюжет бойынша табысты кәсіпкер інісінің баласы Асланды тәрбиелеу мақсатында Алматы қаласының ТЖ департаментіне жұмысқа орналастырады. ТЖД қызметінде Аслан Төтенше жағдайларды жою басқармасы командасының құрамына кіреді. Ол кезекшілікке түседі, өрт сөндіреді, адамдарды құтқарады, сонымен бірге, ұжыммен достасуға тырысады. Уақыт өте келе Аслан құтқарушының жұмысы ойлағандай оңай емес екенін және әріптестерінің құрметіне ие болуға тырыса бастайды.
Дереккөз Қазақпарат. Фото: ehonews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через