Мемлекет

Бөлісу

Қазақстанда Алаш қайраткерлеріне бірнеше ескерткіш қойылады

  Қазақстанда Алаш қайраткерлеріне бірнеше ескерткіш қойылады

Қазақстанда Алаш қайраткерлеріне бірнеше ескерткіш қойылады

Қостанай облысының Торғай ауылында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ескерткіш тұрғызылады.

Қазақстанның екі өңірінде "Алаш" қозғалысының көшбасшылары мен көрнекті қайраткерлерге ескерткіштер орнатылады.

Ресми мәліметке сәйкес, Қостанай облысының Торғай ауылында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ескерткіш тұрғызылады. Бұдан бөлек, Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш және Жұмат Шанинге бюст орнатылады.

Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия республикалық конкурстың қорытындысы бойынша жобалау жұмыстарын мақұлдады. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, комиссия тобы мүсіндердің жұмсақ материалдан жасалған толық көлемдегі нұсқасын жан-жақты қарастырады.

Сондай-ақ, комиссия мүшелері Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің идеялық ұсыныстарын бірауыздан қолдады.

Аталған өңірлерде Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаға, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовқа, Нияз батыр Сайдалы Барқыұлына, ІІ Дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагері Жақсыбек Оңшыбаевқа және түрік саясаткері, мемлекет қайраткері Аднан Мендерске арналған ескерткіштерді жобалау жоспарланған.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через