фото: https://sputnik.kz
Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштің мөлшері өзгерді
Алайда айыппұлдардың мөлшері бұрынғы 3 063 теңгемен есептеледі. Қазақстанда 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңгеге дейін өсті. Алайда айыппұлдар мен салықтар үшін 3 063 теңге мөлшеріндегі бұрынғы АЕК қолданылады.
Бұған дейін президент 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін өсті.
"Алайда айыппұл санкциялары, салықтар мен басқа да төлемдер үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарда 3 063 теңге мөлшерінде бекітілген АЕК қолданылады", - делінген қаржы министрлігі.
Сонымен қатар, ведомство ақпаратынша, әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеден 37 389 теңгеге дейін ұлғайды.
Осыны ескеріп, 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшері қосымша 4 процентке артты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через