Қазақстанда адам саудасының 70 фактісі анықталды
"STOP трафик" жедел алдын алу іс-шарасы аясында қазақстандық полицейлер адам саудасына байланысты 70-тен астам қылмысты анықтады.
Тәртіп сақшылары қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айырудың бір фактісін, адам саудасының үш фактісін, кәмелетке толмағандар саудасының жеті фактісін, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 16 фактісін, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасының үш фактісін анықтады. Сондай-ақ жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру мен ұстаудың 47 фактісі туралы хабарланды. Бұл туралы 27 қыркүйекте ІІМ-де өткен брифингте криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков айтты.
Ол жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа орын бергені үшін 22 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда зорлық жасағаны үшін 400-ге жуық әкімшілік хаттама толтырды.
Баланы сатудың таңқаларлық фактісі Батыс Қазақстан облысында анықталды: 2021 жылдың тамызында 28 жастағы әйел мәміле жасап, жаңа туған қызын ерлі-зайыптыларға берді. Сотқа дейінгі тергеу СДТБТ шеңберінде 135-баптың 1-бөлігі "кәмелетке толмағандармен сауда жасау"бойынша басталды. Тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.
Қарағанды облысында үш апта бойы кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тартқан Балқаштың 22 жастағы тұрғыны ұсталды, ал Атырау облысында жергілікті тұрғын төрт ай бойы Түркістан облысының 22 жастағы тұрғынын "клиенттерге сатты". Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через