Қазақстанда 60 млрд теңгеге тоғыз жаңа су қоймасы салынады

Қазақстанда 60 млрд теңгеге тоғыз жаңа су қоймасы салынады

Қазақстанда 60 млрд теңгеге тоғыз жаңа су қоймасы салынады

Ол 14 елді мекенге су тасқыны қаупін азайтуға, ауыл шаруашылығында 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Алдағы бес жылда 9 жаңа су қоймасын салу арқасында 14 елді мекенді су басу қаупі азаяды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

"Алдағы бес жылда 1,7 текше километр көлемінде суды шоғырландыру үшін 9 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Бұл 14 елді мекенге су тасқыны қаупін азайтуға, 195,3 мың гектарда жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге, ауыл шаруашылығында 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", - деді Брекешев үкімет отырысында.

Айтуынша, алдын ала есептеулерге сәйкес, жаңа су қоймаларының құрылысына 59,4 миллиард теңге қажет. Оның ішінде 11,3 миллиард теңгесі 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қолдау тапты.

Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау үшін қосымша 700 миллион теңге, сонымен қатар құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2025 жылға дейін 47,4 миллиард теңге керек.

Министр бұл жобалар Қазақстанның су бойынша көрші елдерге тәуелділігін төмендететінін атап өтті.

 

 

Мәтіндегі ақпарат туралы