Қазақстанда 6 млн отбасының деректері жиналған цифрлық карта іске қосылады

Қазақстанда 6 млн отбасының деректері жиналған цифрлық карта іске қосылады
фото: https://sputnik.kz

 

Қазақстанда 6 млн отбасының деректері жиналған цифрлық карта іске қосылады

Ақпараттық жүйе азаматтарға проактивті форматта, яғни алушының өтінішін күтпей көмек көрсетуді көздейді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді

Ертең, 1 қыркүйектен бастап Әлеуметтік кодекс жобасы аясында Отбасының цифрлық картасы пилоттық режимде іске қосылады.

Отбасының цифрлық картасы – бұл әртүрлі мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, цифрлық картада 6 млн отбасына бөлінген 19,4 млн азамат туралы деректер жинақталған.

Отбасылардың әл-ауқаты 5 критерий бойынша айқындалады:

экономикалық өмір сүру жағдайы,

денсаулық сақтау қызметтерімен қамту және мүгедектігі бар адамдардың болуы,

тұрғын үй жағдайлары,

әлеуметтік жағдайлар,

білім беру қызметтерімен қамту және отбасы мүшелерінің білім деңгейі.

Отбасының цифрлық картасының жұмыс істеу алгоритмі былай: мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде, әлеуетті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін СМС-хабарлама жіберіледі. Келісім алғаннан кейін әлеуметтік жәрдемақы, төлем немесе мемлекеттік қолдаудың өзге де түрі тағайындалып, ақша көмек алушының банк шотына аударылады.

Жобаны іске асыру кезеңдері:

осы жылғы 1 қыркүйектен бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9  түрі  бойынша  жаңа  форматта  қызметтер  алу  мүмкіндігі  ұсынылды;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тізім әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтіледі;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі;

2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрі қамтылады.

Отбасының цифрлық картасын пилоттық режимде іске қосуға дайындық барысында еңбек министрлігі желісі бойынша мемлекеттік қызметтерге мұқтаж азаматтар анықталды. Ал 1 қыркүйектен бастап оларға проактивті қызмет көрсету үшін СМС-хабарлама жіберіледі.

Мәтіндегі ақпарат туралы