фото: KamranAydinov/Freepik
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін екенін айтты.
Министр бұл балалардың денсаулығына әсер ететінін жеткізді.
"Қазіргі таңда Мәжілісте денсаулық сақтау саласына байланысты заң қаралып жатыр. Сол заңның шеңберінде 21 жасқа дейінгі азаматтарға, балаларға энергетикалық сусын сатпау туралы норма қарастырылып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бұл норманы қолдап отырмыз. Өйткені бұл балалар мен жастардың денсаулығына тікелей байланысты дүние", - деді министр.
Tengri news
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через