Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында арнайы жинақ шоты ашылады. Бұл жөнінде 14 желтоқсанда үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.
Вице-министр "Балаларға арналған ұлттық қор" бастамасы 2024 жылы басталатынын айтты.
"18 жасқа дейінгі барлық баланың жеке жинақ шотты болады, оған қаражат жыл сайын аударылады. Шоттардың операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады".Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов
Оның айтуынша, жиналған қаражат кәмелеттік жасқа толғанда ғана пайдалануға беріледі.
Бұған қатысты заңнамалық өзгерістер 2023 жылы қабылданады деп жоспарланған.
12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетіне Ұлттық қордан түсетін трансферттерге созылмалы тәуелділіктен арылуды тапсырды.
Оның айтуынша, Ұлттық қордың активтері 100 миллиард долларға дейін өсуі керек. Сондықтан, одан аз жұмсап, көп табыс табу керек.
Zakon.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через