фото: Pixabay
Туризм және спорт министрлігінің түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларын тапсырды.
2023 жылдың басынан алты букмекерлік кеңсе өз еркімен жұмысын тоқтатты. Бұдан бөлек, ойын бизнесі субъектілерінің лицензияларын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Биыл сотқа 14 талап арыз жіберілді, оларды қарау қорытындысы бойынша 6 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматтары залы қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта екі букмекерлік кеңсенің лицензиясын жою бойынша жұмыс жүргізілуде.
"Министрлік ойын бизнесінің жосықсыз субъектілерімен белсенді күресуде. Қазіргі уақытта ойын бизнесін реттеуді күшейтуді және тиісті нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасы дайындалып жатыр. Заң жобасы аясында 55 түзету әзірленді, оның ішінде 16 жаңа реттеуші құрал бар, олар бойынша басқа министрліктермен келісу процесі жүріп жатыр және реттеушілік әсерге талдау жүргізілуде", – деді туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через