Қазақстан Түркияға әуе рейстерін қосады

Қазақстан Түркияға әуе рейстерін қосады

Қазақстан Түркияға әуе рейстерін қосады

2021 жылғы 31 Тамызда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ведомствоаралық комиссия) кезекті отырысына Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстерді ұлғайту мәселесі қаралды.

2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап (Эйр Астана 17 қыркүйектен, Turkish Airlines 25 қыркүйектен) Air Astana және Turkish Airlines авиакомпаниялары Алматы – Ыстамбұл бағыты бойынша ұшу жиілігін аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай – ақ, 2021 жылғы 22 қыркүйектен бастап SCAT авиакомпаниясы Ақтөбе-Ыстамбұл бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен ұшуды бастауды жоспарлап отыр.

Түркияға рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне және Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады, деп түсіндірді ҚР ИИДМ.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпаниялар сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.