Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі 2023 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып шекара кеңістігінде 35 487 заңнамаларды бұзушыны ұстады. Соның ішінде 1094 шетел азаматы бар.
Мемлекеттік шекара арқылы 8 026 құқық бұзушы тіркелді, соның ішінде:
444 – есірткі заттары, жалпы салмағы 1 тоннадан астам;
389 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар);
279 – діни әдебиеттер (7 103 дана);
3 112 – 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр);
2 986 – 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
816 – 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.
Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ жалпы ұзындығы 738 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары;
3 463 дана (20 276 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
45 332 дана (67 899 келі) ұсақ тұқымдас балықтар;
23 250 дана (10 238 келі) шаян тұқымдастар.
Алды алынған залал сомасы 7 млрд астам теңге болды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҚазАқпарат