Еліміз 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыс деңгейі бойынша 142 елдің рейтингінде 47-орынға шыққан. Орын неғұрлым жоғары болса, елдегі қылмыс мәселесі соғұрлым нашар. Қылмыс деңгейі бойынша елдердің рейтингі кейінгі 36 айдағы деректерді пайдалана отырып, жылына екі рет жасалады.
Мемлекетіміздегі қылмыс деңгейі қылмыс индексін бағалау негізінде есептеледі. 0-ден 19,99-ға дейінгі көрсеткіш қылмыс деңгейі өте төмен, 20-дан 39,99-ға дейін - төмен, 40-тан 59,99-ға дейін - орташа, 60-тан 79,99-ға дейін - жоғары, 80 және одан жоғары - өте жоғары. 2022 жылдың бірінші жартысында антилидер 83,16 және 80,26 индекстерімен Венесуэла мен Папуа-Жаңа Гвинея болған, бұл қылмыстың өте жоғары деңгейін көрсетеді. Одан кейін Ауғанстан (78,19 индексімен 3-орын), Оңтүстік Африка (75,37 индексімен 4-орын) және Гондурас (74,66 индексімен 5-орын) тұр.
Қазақстанның индексі 53,04 болды, бұл - орташа деңгей. 52,13 индексімен 48-орында Уругвай, 53,25 индексімен 46-орында Алжир тұр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через