Қазақстандағы тұрғын үйге қолжетімділік көрсеткіші Numbeo сарапшыларының рейтингі бойынша өте жақсы. Азияның 40 елі арасында 13-орын және әлемнің 113 елі арасында 33-орында тұр.
Ranking.kz порталының жазуынша, рейтинг пәтер құны мен отбасының орташа жылдық табысының арақатынасына негізделген, ол «таза» жалақыға байланысты.
Салыстыру үшін: Өзбекстан бұл рейтингте небәрі 75-орынға тұрақтаса, Ресей – 88-орында, Беларусь – 90-орында.
Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты мұнай мен газға бай елдер рейтинг басында, ал Сирия соңында.
Дегенмен, Қазақстандағы 33-орын әлі де болса тұрғын үй алу мүмкіндігінің жеткіліксіз екенін көрсетеді.
Мысалы, РИА рейтингі бойынша Еуропаның 33 елінің арасында Қазақстан жан басына шаққандағы ипотекалық несиелер көрсеткіші төмен (Украинаны есептемегенде), дегенмен ипотекалық нарықтың даму қарқыны басқа елдермен салыстырғанда жоғары.
Елімізде жылжымайтын мүлік құны жалпы өте қолжетімді болып отыр.
Numbeo-ның қала орталығындағы пәтер құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан шаршы метріне 1000 АҚШ долларын құрайтын көрсеткішпен 104 елдің арасында 11-орынды иеленді.
Салыстыру үшін: Өзбекстан 14-ші, Беларусь 37-ші, Армения 60-шы, Ресей 70-орында. Рейтинг басында Мысыр, Пәкістан және Венесуэла, соңында Гонконг (Қытай).
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ҚР-да биыл қарашада жаңа тұрғын үйлердің бағасы - шаршы метріне 435,9 мың теңге болды (бір жылда 17,3% қымбаттаған).
Ал қайталама нарықтағы пәтерлердің құны шаршы метріне - 489,7 мың теңге (26,9% өскен).
Қарашада бағаның өсуі жаңа баспанаға - 15,2, қайталама нарықта - 23,1 пайыз болды.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото business-gazeta.ru.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через