Өткен жылы ет экспорты 28,7 мың тоннаны құрап, кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.
«Пандемияға дейін –2019 жылы аусылдан ада мәртебесі болған кезеңде ет экспорты 9,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде Қытайға – 3,6 мың тонна, Ресейге – 2,1 мың тонна және Иранға 2,3 мың тонна ет экспортталды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша солтүстік-батыс өңірлерде аусылдан ада мәртебе болмағанына қарамастан, Өзбекстанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Қырғызстанға экспортты қайта бағдарлай алдық және экспорт көлемін 2,9 есеге арттырдық», – деді Е. Қарашөкеев.
Нәтижесінде өткен жылы ет экспорты 28,7 мың тоннаға жеткен, бұл соңғы 10 жылдағы рекордты көрсеткіш.
«Бұл үрдіс ағымдағы жылы да сақталуда. Өзбекстанға шығарылған ет экспорты 134 есе, ал Біріккен Араб Әмірліктеріне 8 есе артты», – деді министр.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото inbusiness.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через