Қазақстан пойыздарында әйелдер купесі пайда болды
Халық тарапынан сұраныс болса, мұндай купелер басқа пойыздарда да енгізіледі.
"Қазақстан темір жолы" АҚ әйелдер купесі бар алғашқы жолаушылар пойыздарын іске қосты. Әзірге мұндай вагондар тек екі – Алматы – Өскемен және Алматы – Маңғыстау пойыздарында ғана бар.
"Енді жолаушыларға пойыз таңдау құқығы беріледі: кәдімгі вагон немесе жеке әйелдер вагоны. Вагондардың бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ, жол ақысы да бірдей. Тек кассадан және онлайн билет сатып алу шарттары ғана өзгеше", - делінген ҚТЖ хабарламасында.
BILET. RAILWAYS.KZ сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларында билет алғанда "ЖН" литерінің болуы вагон тек әйелдерге арналғанын білдіреді. Айта кетері, вагонға жеті жасқа дейінгі ұлдар да кіргізіледі.
Компания халық тарапынан сұраныс болса, мұндай купелер басқа бағыттарда да пайда болатынын айтуда.
Әйелдер купесі бар пойыздар Алматы-2 стансасынан аттанды. Жолаушылар тың бастамаға қуанып, пойыз бригадасының сервистік қызметіне жоғары баға берді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через